"Күз + сезім"

"Күз + сезім"

 

Сол ағаштар, сол дала өзгермеді,

Қай құдірет тап қылды сізге мені?

Суық күнде жүрекке жылу беріп,

Өзіңізбен махаббат күзде келді.

 

Сынақ көп қой сынбадық берілмедік,

Сізбен өмір кетеді жеңілденіп.

Жапырақтар сарғайып бара жатыр,

Дәл менің сағынышым секілденіп.

 

Тыныштықсыз жаңбырда жауа беред(і),

Сірә оған шынымен  дауа керек.

Қайта-қайта соғатын самал желдей,

Көңілім өзіңізге ауа беред(і).

 

Жан емеспін әркімге сырым ашық,

Мына жүрек болмаған бұрын ғашық.

Күннен күнге күн көзін аямастан,

Екеумізге тұрсыншы нұрын шашып.



Бөлісу: