Күңк-күңк күбір...
жеке
блог
блог
Күрік-күрік жөтел
Мырс-мырс күлкі.
Бәрі де бекер...
Лап етіп дүние өтер.
Тарс-тарс үндер
Арс-арс етеді
Қай жақтан, кімдер?
Шу-шу десек
Ду-ду өсек.
Морт-морт сынған
Мөлт-мөлт мұңнан
Тамады тамшылар.
Жылт-жылт жарық
Сөнеді
Жылтылдап барып.
Шырт-шырт киініп
Адамдар барады
Белгісіз... Күйініп.
Шоқ-шоқ гүлдер
Көтерген бәрі
Өлгендер кімдер?
Тық-тық сағат,
Таусылып тағат
Барады...
Шым-шым әзіл
Шымшылап
Өлтіруге әзір...
Лық-лық толған
Адамдар
Осында болған.
Жо-жоқ бәрі
Жоғалып жатыр
Әлі...
Маң-маң басып
Тіршілік
Барады асып.
Жым-жырт жағаласып...
Кіммен... Немен...
07.12.2016