Қара түнде жарық шашақан!..
Бабалардың дәуірінен
Мұра болып қалыптасқан.
Сүйген оны ҚАЗАҚ бабам
Құрметсіздік танытпастан...
Ақ пен қара таласқан қарбаластың,
Арасында ТІЛІМ деп жанталастым.
Бір-ақ сөзбен жылатып жан баласын,
Бір-ақ сөзбен жұбатқан жан жарасын
Қазақтың қазақтығын танытатын
Тілдегі Құдіретке таңданасың.
Абай тілі айбыным, аңсар әнім,
Тілімнің азаттығы аңсағаным.
Мұқағали жырларын оқи-оқи
Тілімнің құдіретіне тамсанамын!
Абайлар аманаттап сеніп кеткен,
Осы тіл қанымызға сіңіп кеткен
абайсызда қара бұлт төніп көктен
Талай Мағжан тілім деп өліп кеткен...
Тілім менің! Намысымның шырағы,
Өміріме жарық шашып тұрады.
Жүрегімнің таусылмайтын жыр-әні!
Көңілімнің көктемдегі бұлағы.
Менің тілім сүтіменен ананың
тарап бойға, Қазақ содан туады!
Артта қалып азап күні,
Жасап жатыр азаттығы.
Абай әні құлағымда
Туған тілдің ғажаптығы!
Жаса мәңгі! Жаса мәңгі
Құдіретті Қазақ Тілі!!!