Қызық. Өмірімнің жаңа парақтары сапырылысып жатқандай. Ауа да таңсық. Су да таңсық. Үйде қамалған күйі қалмағаны ма Аллаға мыңда бір алғыс. Екіншіден анам мен қарындасыма. Жақын бауырдай болған қос досыма. Мен оның ауызынан түстім бе? Ол менің аузымнан түсе салды ма? Ұят болса да айтайын ер кезегі үш демекші үшінші әкем қалайша екен маған тартыпты деп қойсам, ол ренжуден бұрын қарқылдап кеудесін кере күлер.
Қысқасы, аяқ астынан Ата Түрікпен Анталияда бір көтерсең бітерлік пиалаймен шөлім қанбай бізше болғанда жұтып қана қойып жүрмін. Осы бүгін өлең жазып өзіме аң-таңмын. Бұрын ғашық болсам Мағжан атамның сарынына салатын мына мен, есейгенім бе білмедім. Көздеріне ғашық болсам да, Ариcтотель-ден тай мініп, Шәкәріммен жай тігіп, көк майса жайлауда Абаймен шай ішкендей пәлсапаға бірақ қайырыппын:
Көз
Жаратылыста көз ерек туғанды,
Үнсіз өзі бүткіл барды буғанды.
Мұрын бөліп сырласқанды екеуі,
Тілсіз талай істі көре ұққанды.
Көзсіз қараң, іссіз сараң дүние,
Құралғанды бар денеге кім ие?
Дене қаннан тұрсадағы бекер-ақ,
Жансыз жүрмес, күлмес адам иіле.
Көздер айна өзіңе де, өзгеге,
Көз ашылар сындарға да төзгенге.
Екі көзде жетер мына жалғанда,
Ымды астар көрсең егер сөзден де.
Тыңдай білу көздердің де кенжесі,
Сөз ұтқырда дәл тиерлік жебесі.
Тыңдау өнер, үнсіздік те өнер-ау,
Тыңдай білсең шетте жүрер егесу.
Сезіп білу көздердің бір ағасы,
Бақсаң жаннан сезім қымбат турасы.
Сезімдерсіз жан жоқ, жансыз ғұмыр жоқ,
Уақытсыз-ақ біткен адам шаруасы.
Түйсік екен көздердің шын атасы,
Түйсіктіге қонар сақау батасы.
Түйсіксіздер дөңгелексіз арбадай,
Лай түбінде батып қалар шатасып.
Жүрек екен көздердің тың бабасы,
Бақ пен сынақ болардайын астасы.
Керек десең ғалам сиып кетердей,
Бір құдайдың дарығанды батасы.
ТӨРЕХАН Арыстан