Қош жаным...

Қош жаным...
жеке
блог

Қош жаным...

Сезімдер.
Төзімдер.
Тағаттар.
Секундтар.
Минуттар.
Сағаттар.
Тұрмайды.
Келмейді.
Жылжиды.
Ісіңде шикілік,ағат бар

Қателік.
Ағаттық.
Шалалық.
Жаңа жыр.
Жаңа ой.
Жаңалық.
Жаңа жыл.
Жаңа леп.
Жаңа қыз.
Деп жүрсем екен ғой балалық

Әлсіз үн.
Жай дауыс.
Көз жасың.
Сейілсін.
Жаңарсын.
Тозбасын.
Сүйемін.
Екеуміз.
Тек біздер.
Мен бұған сенбеймін өз басым

Тыныштық.
Үнсіздік.
Дыбыс жоқ.
Тым әлсіз.
Тым баяу.
Сыбыс көп.
Шаршадың.
Тастадың.
Жалықтың.
Барлығы кетердей дұрыс боп

Жеткізген.
Айтылған.
Шертілген.
Жүресің.
Күлесің еркіңмен
Сөз бердің.
Ант бердің.
Уәде еттің.
Таясың бірақта сертіңнен

Ей тағдыр! Біздерді қоспадың
Қайда енді күткенің.
Тосқаның.
Жол ашық жүре бер еркіңмен
Көрісіп қалғанша қош жаным.