Қош бол,аға!

Құман аға,таудан биік тұлғам ау

Жалғанда бұл,уақытқа тəн сырғанау

Мұншалықты ауырлығын кім білген?

Мойын бұрып артымызға бір қарау

Расында қамшы сабы келте ме ед?

Тасыды өзен жел қайығын желкелеп

Сүрінді ме астыңдағы ақ боз ат?

Кісінеді ертерек...

Асыл аға,ғасыр аға көреген

Енді өмірге қайта келмес Төлеген

Тамырынан тағдыр нəрін сарқып ап

Бұтақтарын бір сілкіді өр емен

Сізге жазар əн де көркем,жыр да асыл

Сағынышпен қосып жібек мұңға сыр

Өзіңіздей нағыз қазақ бейнесі

Сақталады əр жүректе мың ғасыр

Көшеді айлар,жылдар беріп күнге екпін

Шегіне кеп шөгетінін білмек кім?

Орыныңыз жəннат болып жақсы аға!

Иманыңыз жолдас болсын,құрметтім!

(С) Абзал Алтый



Бөлісу: