Көңілдің тап-таза парағын,
Кірлетпес сезімдер қайда шын?
Көзімнен кеткенмен жанарың
Әр уақыт жүректе, ойдасың...
Әлдилеп бесігі арманның
Тербейді әуені сезімді.
Қалайша түсіме алдандым
таба алмай өңімде өзіңді
* * *
Көктемде бақытты болсақ та
күз сыйы әдепкі тағы мұң
Көзімнен кетсең де алшаққа
көңілден өшпейсің жарығым...