Көктемге

Көктемім!
Көзіммен ғана өпкенім,
Күйдіріп бойды от демің
Қасымнан өтіп кеткенің.
 
Аруым!
Дертім де өзің, дәруім
Жүздеген жанның ішінен
Сезімнің сені табуын.
 
Сағындым...
Сағым боп көзге шалындың
Күлкіңмен келтір көктемді
Жадырап жүрген жазым - мұң.
 


Бөлісу: