Көктемді ертіп келген Әйел дер ем
жеке
блог
блог
Нұр көктем, ғажапсың сен тамсандырған,
Бар дүниеге жыр төгіп, ән салдырған,
Көктемнің мерекесі құтты болсын!
Ана деп баршамызға жар салдырған!
Сыр көктем, сұлусың сен тамашаңмен,
Нұр көрем айналама қарасам мен,
Өмір шуақ үзілмес Әйел барда,
Қымбат қой ағы тіпті қарасымен!
Тіршіліктің тұтқасы Әйел деген,
Бар ақын жыр арнаған, Әйел-өлең,
Ана-ұстаз, Ана қамқор ел бағбаны,
Көктемді ертіп келген Әйел дер ем!
Халықпыз біз құдірет күшін жиған,
Біз барда Ажал өзі айыл жиған,
Ғажайып жан боламыз нұр сипатты,
Бойымызға ақыл, ажар, мінез сыйған!
Бәрімізге құт қонып, дарып Қыдыр,
Орындалсын жүректерде ұлы арман-сыр,
Әр күн күліп атып, күліп батсын,
Көңілдерде жайнасын Қыз Жібек жыр!