Көктем дедім есімім...
жеке
блог
блог
Кірпіктерін әзер ашып шық жатыр
Жарысуға дайындалып жылға тұр
Жаңбырменен қауышамын,
Алақай
Деп аспанға көтерілді қолшатыр
Биші қыздай майысады жел cұлу
Бар даусымен күлер болды енді су
Қыр астынан бой көтерер қызғалдақ
Күнге қарап сыбырлайды «мен – сұлу».
Жер-бесіктен басын созып өскіндер
Рахмет, ана, еңбегіңіз өстім дер
Жапырағымен билеп және сыр айтып
Бойжеттім мен
Құлағымды тестім дер.
Қар жылаған... сұрағандай кешірім
Мейірімге ашық менің есігім
Біреу маған талмай ұзақ қарады
Көктем дедім,
Көктем дедім есімім.
Жұлдыз БЕЙСЕК.