***
Көктем.
Жер мен Көк әп сәтте жақындап кетіпті,
Мұң құшқан бұлттар да ақын боп кетіпті.
Жүрегін кір шалған жандардың ойлары,
Жұптасып қыспенен бақұл боп кетіпті.
Шық емес өмірдің гүліне жыр тұнып,
Бар әлем орнында, орнында тіршілік.
Күн сүйсе бүр жарған өркенін,
Күлімдеп қояды бір шыбық.
Сондықтан мен мына Көктемге құмармын,
(Ал қайтіп тыйымын салады бұған кім?!)
Көңлімді өксіткен өткенім ерісе-
Шаттықтан мен-дағы таситын шығармын..
Сылдырын ән етіп еріді өзен-көл,
Еріді ең қимас аяулы кезеңдер.
Сезімнің салқынын тигізіп алдың ба,
Көктемің келді ғой,
(тез емдел!) ...
Әлия Іңкәрбек