Көбелектер, көбелектер!
жеке
блог
блог
Көбелектер,
Көбелектер... ғаламат!
Қанатыңа жыр жазайын қалам ап.
Табиғаттың бар киесін ұқпаған
Пенделерді табалап,
Ақиқатын бір Алланың бағалап.
Көктем сеуіп аулама,
Жүріңдерші гүлдерімді жағалап,
Бау-бақшамды паналап.
Көбелектер,
Көбелектер... ғажап-ты!
Ұшқандарың көкіректі қанатты,
Сұлулығың тауысқандай тағатты
Ұшар болсам, қара жерге хош дер ем,
Әттең, әттең!..
Бұрымды ғып жаратты.
Тәңір неткен хақ еді,
Маған бермей, саған берген қанатты!
Жұлдыз Бейсекова.