КІНӘЛІ МА, БОЛҒАНЫ ҮШІН ТАСТАНДЫ?

КІНӘЛІ  МА, БОЛҒАНЫ ҮШІН ТАСТАНДЫ?
жеке
блог

Өз жанынан ойламайтын басқаны ,

Пайда болды жаңа заман жастары

Қасірет қой сәнге айналып үлгерді,

Өзі туып, өз баласын тастауы.

Сан шайқалған азат елдің аспаны

Көрмеп еді мұндай сұмдық масқара

Тұл жетім боп, жалғыз қалған сәбилер

Кінәлі ма, болғаны үшін тастанды?

Ұрпағы едік тәрбиеге бай ұлттың,

Бағалаған бала деген байлықты

Шыбын жанын шырылдатып неліктен

Тастап кеттің жетім етіп жарықтық?

Өсегіне қалам ба деп ел-жұрттың,

Бала тастап атандыңдар айыпты

Ол жауыздар ана емес тек қана,

Жетімқұрсақ деген атқа лайықты!

Алия ИМАНЖАНОВА.