Кім түсінер бұл жағдайдың себебін?

Қазақ деген қайратты ғой қашанда,

Ел ертеңі аян болған бұл шақта,

Биліктегі қасқырлардың бейнесі

Алып келді қорқақтықты қазаққа.

О, қазағым көтер қане басыңды!

Етек жинап ес жияр бала жасыңды.

Төтеп беріп зұлымдарға зұлыммен

Қайтарып ал кеткен байлық асылды.

Алайда, жүрек қорқады ғой мазасыз,

Тілін жұтқандай тірі өліктей шарасыз,

Не ғайбыл таппақ өзін өзі жегенмен?!

Төрдегі қонақ абыройсыз, сараңсыз.

Тілінде ұмытып, сайрап жүр қазақ бұл күнде,

Сияр ма еді шарадай басқа өз тілі,

Кім түсінер бұл жағдайдың себебін?

Орысша сайрай білген өзегім...



Бөлісу: