Көңілсіздік...
Жауапсыз сезім,сұрақ
Арнасынан тасыған төзім-бұлақ
Кеше ғана бүп-бүтін жүрегімді
Сындырып ап,отырмын өзім құрап
Сен аруы түнерген,Шымқаланың
Мен бейшара күзеткен мұң қамалын
Онсызда көргені көп күң көңілге
Дұрыс па еді бөтендік қылмағаның
Тиіспедім...
Қашасың сонша неге?
Тығыласың қай бұрышқа...тоңса дене?
Кеткің келсе кет енді қоштаспай ақ
Сені күтіп тұрған бір болса кеме
Қарындас деу сүйгенін,соры ағаның
Ғашықпын ғой!Қалай дос бола аламын?
Қызыл түске боялды көрмейсің бе?
Жүрегіме байлаған орамалың
Үндемей ақ жасайсың қырық бүлік
Өр мінездің өлшемін шын ұқтырып
Кеудеме кеп шаншыған шанышқыңды
”Ауырды ма?”-дейсің бе сұғып тұрып?!
Баяу уақыт,қырсығып күн де өтпеген
Адам бар ма тағдыры мұңды етпеген?
Сені де бір әйтеуір ұмытармын
Біздің ойға кім келіп,кім кетпеген?!
(С) Абзал Алтый