Тамсаңдырып қоюшы едік көкті біз,
Суықтығын кірмей жатып төкті күз..
..Сені көкке көтеремін деп алып,
Мені жарға жықтыңыз да, кеттіңіз!
Махаббаттың шыңырауы ,парқы- мұң!
Мұңдылықпен өтіп жатыр әр күнім.
Бүгін..тағы жүрегімді жылатсаң ,
..Сен күнәға батпайсыз ғой алтыным!
Өмір жайлы ойламайтын-ой айып!
Біздер бәрін қара түске бояйық!
Мейлі, бірге жүрмей-ақ та қояйық,
Сосын.. өмір сүрмей-ақ та қояйық!
Көздің жасын тұман оймен бұлармын,
Білесің бе?! Бұған тағы шыдармын..
..Бірақ, сенсіз көзімді ілсем егер,
Ауру болып оянатын шығармын.
Қиын-ақ..!
Ақгүл Айдарбекова