ҚИЛЫ ЗАМАН

ҚИЛЫ ЗАМАН
жеке
блог

Өткердің басыңнан қилы заман,

Сүйегі боздағымның түзде қалған.

Халқы үшін от басып, шоқ шапшытып,

Ниетіне ұлтымның олар жанған.

 

Сол бір дәуір бастағы қилы заман,

Өткізген жұмыр бастан әуре-сарсаң.

Елім-айлап зарлаған анаң сенің,

Бесіктегі баланың қары талған.

 

Қан аққан көздеріен қарашаның,

Тастамаған сонда да қара шамын.

Еріндік арман болып, елес болған,

Үш жүзіне күллі қазақ, Алашымның.

 

Зялыға елдегі пәле жапқан,

«Халық жауы!»

Баршаға айдар таққан.

Билері сол заманның ойланбастан,

Байлыққа халқының арын сатқан.

 

Аюандық, қаныпезер, залым күштер,

Сол  кездегі еілімді жүнше түтер.

Қиындықты басыңнан өткергенсің,

Қазағым, кезі елді, төсті көтер.

 

Алдаған қарашаны жас баладай,

Болсадағы басында аппақ самай.

Қазақты мал көріп, жабайы деп,

Өлтіріп далаға салған тастай.

 

Жаптырып сұм түрмеге боздақтарды,

Қырғызған бас көтерген сәл жастарды.

Өткергенбіз, оны да, дара халқым,

Жоғалтып қолдағы алтын, алмастарды.

 

Айырылған етінен сүйектей боп,

Қалды-ау жетімсіреп қаншама от.

Жәңке кіріп табанға маңдай тесіп,

Күйдірген аяқтарды жаңбаған шоқ.

 

Жауыр боп арқамыз, ер жастанбай,

Болған еді-ау кезінде алаш қандай?!

Ұрындық қарғысына ақ патшаның,

Көздері тоймаған құммен жаппай.

 

Тарихта сан ғасырлық шеккен азап,

Өткерген талай сұмдық бастан қазақ.

Ақтабанда шұбырып кетіп еді-ау,

Басы ауған жақтарға қашып, шарлап.

 

Жылаған сан нәресте бесіктегі,

Жүрегін алашымның кескіледі.

Бүгінгі жайқалған жасыл желек,

Тұқымы, сол заманның өскіні еді!

 

Көтерген бастарын ұлтжандыны,

Халықтың қарапайым жауы қылды.

Әйелді  зарлатып, баланы қорлап,

Басынан «қызыл жібек таспен» ұрды.

 

Жалындырып бір оқты әр қазаққа,

Оянған енді ғана азаң шақта.

Қадаға жүрегіне сұм жебені,

Қалдырып ылғи жала болашаққа.

 

Әтештей қызыл жоса қанды қылды,

Әкеге өз кіндігін қарсы қойды.

Ағызып қою қанды өзен қылып,

Залымның сонда ғана көзі тойды.

 

Аналар айырылған баласынан,

Басындағы ұлтымның санасынан.

Бөрі етектен алғанда қарбаласып,

Қилы заман жабысқан жағасынан.

 

Өткердің басыңнан қилы заман,

Көз жасы қазағымның өрт боп жанған.

Кешсе де қияметті бел ортадан,

Қиындықтың барлығы артта қалған.

Күтер бізді тек алдан нұлы заман!