Жасаса да тағдырға тас күн құрық,
Шыңырауын шерімнің əрең қаздым..
Ескі дертті алдым ба асқындырып,
Əйтеуір өлең жаздым..
Қарайлаймын үздігіп бір есімге..
..Маған ғана арналған, жатқа бөтен.
Бүгін бізге қар жауды!
Білесің бе?
Бірақ менің жанымнан аппақ екен..
Қойып едің сен кеше сұрақ қандай?
Жырым- жырым жүректі құрап талдым.
Мың жыл бойы өзіңді ұнатқандай,
Жылап қалдым!
P.s.
Бəлкім оған мен мүлде ұнамадым.
Бəлкім менің таусылар жетті күнім.
Жанымнан кетпей жүрген бір адамым,
Кетті бүгін!
Бəрі осылай бітсе екен..
Ақгүл АЙДАРБЕКОВА