Кешір Жер - Ана...

Кешір Жер - Ана...
жеке
блог
Кешір Жер - Ана...
Сендік нәзік табиғатты күштеп жатырмыз,
Ойымызға келгендерін істеп жатырмыз.
Аранымыз ашылып, ауызға мына
дым қалдырмай алып же де, іш деп жатырмыз. 

Кешір Жер - Ана...
Жайқалған орманды өртеп, қурап жатырмыз,
Бөлісе алмай кең далаңды, шулап жатырмыз.
Баға жетпес сенің мөлдір өзендеріңді,
Әр түрлі дәрі қосып у-лап жатырмыз.

Кешір Жер - Ана...
Зияны көп зауыттарды бастап жатырмыз,
Сенің сұлу келбетіңді ластап жатырмыз.
Қойныңдағы қара алтынды қопарып алып,
Қалдықтарын бетіңе әкеп тастап жатырмыз.

Кешір Жер - Ана...
Сенің қазба байлығыңды сатып жатырмыз,
Ерке өскен елігіңді атып жатырмыз.
Біздер сенің қадіріңді түсіне алмай,
Алдыңызда зор күнәға батып жатырмыз.

Кешір Жер - Ана...
Ештеңе де қалмасын деп қазып жатырмыз,
Күл-қоқысқа айналдырып, азып жатырмыз.
Сенің барлық байлығыңды бұрын болды деп,
Болашаққа тарих қылып жазып жатырмыз.

Ернар Жақсыбаев