Анау жатқан кең далам,
Сонау жатқан маң далам!
Топырақ жұтқан сар далам,
Сағынар, сүйер әр балаң,
Ал өзің үнсізсің жәй ғана,
Қараймын!
Үңілем!
Таңданам!
Бейнеңе түнде ай құмар,
Алыста жүрсем бой тұмар.
Жазығың сенің шексізден,
Он алты қанат жай тұрар.
Кереметің жоқ өзгеде,
Атырабың бақ көзгеде,
Тереңнен тербеп ой тұнар!
Ой жүгірте байқасам,
Сырыңды бойыңда шайқалған,
Жарлап келген,
Жырлап өтер шайқылар!
Бедерің мен беделің,
Жоғарыда қалықтап,
Шертілсе күймен шарықтар!
Тауларым!
Бауларым!
Бәрі де құтың жасылдаған,
Сағынышым саған тасқындаған!
Тәнімді билеп асыл таңнан,
Шабытым туды жарқылдаған!
Түн баласына рұқсат еткің?!
Өлеңін төксін сарқылмаған!
Төрехан АРЫСТАН
13:24
28.12.2016
(Нан кин)