Кел, Қайғы, билейік вальске!

Кел, Қайғы, билейік вальске!
жеке
блог

Кел, қайғы,

Билейік вальске,

Өзгермес мендегі хәл үште.

Қиратыл, тоз-тозың шықса да,

Біздерге мән бермес ғарыш не.


Билейік, жел айтсын мұңлы әнін,

Уақыт салтанат құрғанын,

Өзіңе басымды қойдым мен,

Ауырып тұрған соң жырладым.


Қолымнан ұстай бер, сескенбе,

Тамырға қан жүгірт кектенбе.

Бойыма алапат күшің бер,

Өшпесін өртейтін от демде.


Тым жалған дабыра көз ілсін,

Маңдайы жарқ еткен төзімсің,

Жанымды жылатып құшақта,

Кел, қайғы, сен менің өзімсің!

Жұлдыз БЕЙСЕК.