Қазақтың жарық күні Мұқағали Мақатаевқа

Мұқағали қазақтың дара ақыны,
Мұзтаудың Мұзбалағы, сара ақыны.
Жүректерді тербеген өлең-жыры
Көк аспанның мәңгі өшпес жарық күні.

Абай, Мұхтар, Мағжанның жолын жалғап,
Әдебиеттің туын тіктің жаз жадырап.
Шабытыңды аямадың жыр жолында
Халқыңа жалынменен өлең жолдап. 

Ізіңді жалғар артыңда жастарың бар,
Оларда сізден қалған асқақ үн бар.
Өлең, жырыңыз әлі де тірі тұрса,
Ол жасамақ талай ғасыр, талай жылдар. 

Мұқағали біз үшін биік шыңсың,
Ұға білдің поэзия мен жырдың сырын.
Адамшылдық намысты таптатпаған
Еліме сәуле шашқан жарық күнсің!



Бөлісу: