Қазақша

Қазақша
жеке
блог

Қазақша мен ата-анамды таныдым,
Қазақша мен адам болып жаңғырдым.
Қазақша мен білдірдім өз ойымды,
Қазақша мен қызықтадым ойынды.

Қазақша мен жүргіздім, кітапшаны қойынды.
Қазақша мен өнер мен әдебиетке тойындым.
Қазақша мен шөлдедім ғылым менен білімге,
Қазақша мен талпынды күллі әлемді білуге.

Қазақша мен сезімді қағаз бетіне түсірдім,
Қазақща мен қателік пен дұрыс дүниені түсіндім.
Қазақша мен сөйлеймін,қазақ тілін дамытамын,
Ана тілі абыройын көтеріп, асқақтатамын!


Ал сіздің өміріңізде қазақша не істедіңіз?:)