Қазақ не боп барады?
блог
Қазақ не боп барады өскен сайын
Қанымызды шетке сатып жыл сайын.
Қарапайым бейкүнә ұл-қыздарың
Мұхит асып, құрлық басып, тіл ауыстырып.
Сенесізбе әлемнің 30 елінде,
Қара көздер бар дегенге бүкіл әлемде.
Тас бауыр ана, тас жүрек әке, имансыз қоғам
Қалай ғана жер басып жүр бүгінгі күнде?
Халық санын көбейтеміз дейміз біздер,
Күнден шулап, күнде тулап, шырылдап.
Өз-өзіміз сыртқа теуіп сыйыспай
Байтақ жерге, кең аймаққа сыйдырмай.
Қаншама жапа шекті олар олар шетте,
Қамқорлық көрмедіме сақтап кекті.
Әрине өздерінен сұрасаң егер:
"Мен қазақпын"- дейді олар өзге тілде.
Олардың арасында чемпиондар бар,
Елді жұртқа танытатын акын да бар
Өкінішті мұның бәрі қазақ үшін,
Өзге елдің әнұраны шарықтар.
Ойланайық бұдан былай қазақтар,
Бала беруді тоқтатайық қазақтар.
Егерде осы арманымыз орындалса,
Елімізде үміт сөнбес болашақ бар...