Қайырлы таң

Қайырлы таң
жеке
блог

Қайырлы таң,

Сәуле басты көздеріңді.

Есіне ал өзіне берген сөздеріңді,

Жоғалтпа берілген бұл мүмкіндікті

Қолына ал ішіндегі селдеріңді.

Ертеңді ұмыт бастасаң бүгін баста,

Өзгерсең бүгін өзгер ертеңге араласпа.

Жамандық сені алысқа жетелемес,

Себепсіз екі көзін толар жасқа.

Жүрегін тазалықты аңсады ма?

Үнсіз біраз ішіңде шаңшады ма?

Сезбейді ме? Көрмейді ме? Шаршады ма?

Күнсіз аспан болмысына тартады ма?

Қайғырма, кешірімнен үміт үзбе

Жылама, шағымданба, болма езбе. 

Сезерсің иманның асыл нұрын,

Жақсылыққа бетіңді бұрған кезде.