Қайғыдан соң...

Қайғы да біраздан соң қымсынады,

Тарылып,ауа жетпей тұншығады.

Көкірегің тауыс құстай дүр сілкініп,

Бітелген көмейіңнен үн шығады.

Әдетте, жаңбырдан соң күн шығады!

 

Өзгеріп бұл әлемнің бояулары,

Білдіріп,жан-дүниеңнің оянғанын.

Қарайсың тіршілікке өзге көзбен,

Қасірет мықты орын оя алмады,

Өмірге құштарлықты жоя алмады!



Бөлісу: