Қайғы жұтқан құрбыма

Қайғы жұтқан құрбыма
жеке
блог
1 Байқаймын дәйім, жүресің ауыр күрсініп, 2 Тіл қатпай маған, өмірге мына қырсығып. 3 Білесің бәрін, сезесің заңын өмірдің, 4 Бұл өмір – сынақ, тағдыр - далбаса тіршілік 1 Кеудеңде кек тұр, көзіңе ыза тығылып, 2 Селт етер емес селдіреу ғана бір үміт. 3 Қорқамын сенің үмітсіз осы көзіңнен, 4 Қалмашы жаным қайтара тағы жығылып. 1 Біз бір ғұмырмыз дария кешіп көрмеген, 2 Тағдыр дейтұғын толқынға төтеп бермеген. 3 Тәкаппар көңіл танытқанменен тағылық, 4 Өмірді қолдан өзгерту сірә келмеген. 1 Жүйріктей жылжып жалғасар бір күн бір түнмен, 2 Ақ пенен қара, қайғыда қатар күлкіңмен, 3 Керуен көшіп осылай өмір өтерін, 4 Қыршын ғұмырдың қиылар сәтін кім білген. 1 Сырғыса уақыт алыстап сенде барасың, 2 Көруден қалдың ақ пен қараның арасын. 3 Бақытқа тұнып тұруы керек жанардан, 4 Тау суы тұнық толассыз неге тарасын. 1 Тоқтатсаң енді жылауды тоқтат мәңгіге, 2 Бұл өмір саған мейірлі көзбен қарасын. 3 Санаңнан өшір жамандық деген жауызды, 4 Ұмытсын жүрек, ұмытсын жүрек жарасын.