Қарындасыма

Қарындасыма 

Ассалаумағалейкум, ағайын-туыстарым,
Шақырған мерейтойға келіп қалдың.
Айқайлап, ұрандатып бір қол соғыңдар,
Осы болсын сағынып, қауышқаның.

Ақ дастархан, адал ас а(лы)п отырыңдар,
Дәмін тат, көңіл көтер, шаттаныңдар
Өрісімде қой-қозым егіз тауып,
Бәрің де құтты қонақ атаныңдар!

Лахановтор әулетінде қуаныш бар,
Қуанышқа бәрің де серік боңдар,
Екі жасқа құрметіңді бір көрсетіп
Тағы да бір айқай-шумен қол соғыңдар.

Қызды қонақ деп өскен біз қазақпыз,
Қыз баласын сыйлап өсер азаматпыз
Қыз мұраты кету екенін ұғындық қой,
Ұзатылып бара жатыр қонағымыз.

Өсіп, өніп елдің көркі атанғансың,
Қыз - нәзіктік, үй береке(сі), жанашарсың.
Еркелеп бой жетіпсің қарындасым,
Қазалыға келін болып бара жатсың.

Тәлім-тәрбие ұғып өскен қарындасым,
Киелі құстай болған қарлығашым.
Екі дүние бақытын Аллам берсін,
Өзіңе деп оқитын дұғам бар шын.

Қарындасым, ибалы, имандысың,
Аллахым таңдырыңды оңды етсін,
Күйеу бала екеуің бақытты боп,
Салиқалы ұрпақ арттан ере берсін.

Әлім елі, құтты болсын құдалығың,
Кетіп жатыр сендерге бір асылым.
Келіндерің берекелі, қайырлы боп,
Құтты болсын қарындасым - Гүл қонағым!

Күйеу бала, жігіттің сұлтаны бол,
Бисмиллаһпен іс бастар иманды бол.
Үш жүздің басын қосқан Абылайдай,
Үш жұртыңа абыройлы, беделді бол.

Қарлығашым сендегі енді алақанда,
Ин ша Аллах,
Түсіністікпен өтерсіңдер бұл жалғанда
Әйел заты аманаты бір Алланың,
Қиянат жасамассың аманатқа. 

Авторы: Досанов Бекмұрат



Бөлісу: