Қарлар ериді...

Қарлар ериді ақ гүлді ертіп келем деп,

Қолымды бұлғай алмастан тұрдым елеңдеп.

Талға кеп қонған аппақ қар жас боп құлайды,

Жас келер көзге жүректен ұшып өлең боп.

 

 

Қарлар ериді...

Түсінде күннің жаз аунап,

Маңдайға біткен жазмыштан кімдер қаша алмақ?!

Қарлар ериді...

Қимайды оны қара жер

Күнге қарайды жанары тынбай жасаурап.

 

 

Қарлар ериді...

Қыс кетер демде ғайып боп,

Сұрадым тағы қолымды көкке жайып кеп.

Таптамас үшін адамдар қарды жеткізсем,

Шыңына таудың қолдарым алып қайық боп.

Жұлдыз Бейсек.



Бөлісу: