Қариялар

Қариялар
жеке
блог

                                                            Қариялар

  Әр адамға қымбат күлкі сыйлаған,

  Езуінен күлкілерін жимаған.

  Балаларын әлпештеген өсіріп

  Осы отырған ата-әжеме таң қалам.

 

  Аспандағы жарық күнді көрсеткен,

  Сағат пенен әрбір күнді өлшеткен.

  Кіп-кішкентай сәби кезден жетелеп,

  Бұл өмірдің әр сынына үйреткен.

 

  Жас адамдар аңқау болар,пәк болар

  Көп нәрсені ойланбай-ақ жоғалтар.

  Бірақ сонда жолымызды өзгертіп,

  Ақыл айтып баласын адам қылар.

 

  Баласы оқуға түсті,алыстады

  Осы ғой ата-ананың ақ арманы.

  Күні-түні Құдайдан тәубе қылар

  Сәбиі үшін тау асып,қыр барады.

 

  Құстай боп жылы жаққа бет алған,

  Үйінен әрі қарай жолын салған.

  Балалар қашықтайды сәл-пәл ғана,

  Жүреді сай-салада қуып арман.

 

  Ата-анасы баласын күтеді кеп,

  Қашан шаттық,береке әкелер деп.

  Бұл арман іске аспайды барлық кезде,

  Қадірлей алмайтындар жүреді тек.

 

  Ата-әже,әке-ана жүректері,

  Ізгі тілек, тап-таза ниеттері.

  Балапанын қанатынан түсірмей,

  Әлі тағы көрсетеді биіктерді.

 

  Қариялар,ата-әжем аман жүрсін,

  Қадірін қариялардың бала білсін.

  Ақ тілекшім,ақылшым,даналарым

  Жүректерің лүпілдеп,мәңгі тұрсын!