Қар жауды бүгін...

Қар жауды бүгін...
жеке
блог

 Қар жауды бүгін
періште билеп еңсені
Қар болып кетсем, 
қалқам деп
қарсы аласың ба сен мені.

Ақ ұлпа біткен әуеде жүр ғой би билеп,
Қадірлі өзі,
Күтпейді көктен де мүлде сый-құрмет.

Ақ жастық - бұлттан үлбіреп түскен сыңайлы,
Еске түсірді өзіңді, 
жаратқан жалғыз Құдайды.

Армандар жерге асығып қонып жатқандай,
Ақ ұлпа қарда кіршіксіз жоғалған, 
өшкен сәт бардай.

Ақ қарлар...
Әппақ көбелек - әсем, шырайлы...
Менің бұлтымнан жауған қар қолыңа қонса жылайды...

Жұлдыз Бейсек.