Жиып қойдым бәрін міне,
Сен сыйлаған гүлдердің.
Мен бақытты болып жүрсем,
Қуанады, күндер кім?
Жанарымнан жастар тамып,
Шаттанып та үлгердім.
Аппақ таза жүрегіңмен,
Қанық қызыл гүл бердің.
Раушандар қалар солып,
Ал сезімің сола ма?
Гүлдерге тұр құшақ толып,
Жырға қоссам бола ма?
Жан дүнием алып ұшып,
Көктем келді, көп күттім.
Жолығармыз сағынысып,
Кездесерміз деп күттім.
Қолымда гүл, ал тағдырым,
Бола алды ма сол гүлдей?
Үміт отын күнде жағып,
Жүрмін шыдап сөндірмей.
Неткен мөлдір көктің нұры,
Ада сірә күнәдән.
Аман жүрші көптің ұлы,
Гүл сыйлаған бір адам.
2018ж 9 наурыз