Ана-жаным
Анашым сен біз үшін асыл арман,
Балалық жүрегімнен бастау алған.
Сөз жетпейді өмірді өрнектеуге
Бар әлемді Ана- жан аялаған.
Көктемменен құлпырым келді бүгін
Аналардың асыл күні Наурызбенен.
Бүкіл әлем асығуда құттықтауға,
Ана емес пе өмірдегі дара тұлға?
Жүректегі анамыздың мейірімі
Өшер ме екен , өмірден кетер ме екен?
8 деген сыры тұнық , сырлы санда
Аналардың асыл күні мейрамы екен!
Бұл күндері мол бақыт құшағында,
Аналарым, бәйшешектей құлпыруда.
Тек бір ғана тойланатын бұл мейрамда
Аналарды қуантуды мақсат ұста!
Сөз құдырет жетпейді екен Ана -жанға
Тек жүрегім айталады амал бар ма?
Не дегенмен, ана деген дара тұлға
Алдында тағзым бер де , үлгі ұста.