Қаламымнан қанат алған сырлы өлең

Қаламымнан қанат алған сырлы өлең
жеке
блог

Қазақ тілім

 

Тіл дегенім аманат қой өткеннен ,

Бабаларым мұра еткен заманнан.

Тіл дегенім ғасырлардың елшісі

Ешқашан да тілім менің өшпеген.

 

Ана тіл деп сыйладық қазақ тілді

Бала кезден жатталды әріптері

Сол әріптен құралған асыл сөздер

Қазақ тілім өзіңе бас иеді.

 

Білем тілім ауыр сыннан өткеніңді

Мойымай осы кезге жеткеніңді

Сол бір уақыт орыстың құрсауында

Талай жылдар азабты шеккеніңді

 

Жас қыран -жас ұландар ұмытпашы

Қазағымның нағыз тілі -қазақ тілі

Ол сенің анаңнан басталатын

Дараланар сөз мәйегі- ана тілі

 

Мақтанамын ,шаттанамын ,жатсынбаймын

Қазағымның абыройын тік ұстаймын

Қазақ тілі болашақтың нақ үміті

Мен сені әрқашаш да ұлықтаймын.