Жыр жазамын жүрегіммен
блог
Ақынның шабытынан,жүректің қағысынан
Жазылған нәзік жырлар,мұңлы дастан
Ақынның өткір сөзі,өр өлеңі
Шығады кеуде тұсы,жүрек жатқан
Жыр жазамын жүрегіммен,жаныммен
Тәубә,деймін,мақтана алам барыммен.
Шабыт келсе,жыр жазамын жалықпай,
Тағдыр мені қауыштырған дарынмен.
Жырсыз менің нұрлы күнім-қара түк,
Мен өлеңмен бірге туып жаралдым.
Шабыт іздеп,жүрмін,бірақ,келешегімде
Шабыт мені іздеп табар,туар күн.
Ұйқас қуып,сөздің мәнін кетірер,
Ақындарды көрсем жүрек елжірер,
Халық мұңын жырлау-ақын міндеті
Міндеті ол ақындардың ежелден.
Мен ақынмын жас та болсам дарыным бар,
Қате кетсем түзейтін ел,халқым бар.
Айтар сөзім,жазар жырым әлі алда
Жетеді ғой мақсатына талпынған.
Ақын сөзі-ғашық сөзі өмірге,
Музасы оның махаббат пен сезімдер,
Аққу көлін іздесе,ақын жырын
Таба алар тек жүректің төрінен.