Жыныма тимеші
блог
Адамның түпкі ойы, көзқарасы, өмірлік ұстанымын тілдескенде ғана тануға болады. Ол - аппақ парақ секілді. Бірақ "өте сезімтал" адамдар да бар. Олардың қатарына ақындар мен жазушыларды жатқызғым келеді. Себебі басынан өткен әрбір дағдарысты кезеңді параққа түсіре білетін, түсіндіре білетіндер де осылар. Олардың шығармашылығымен таныса бергенде, тілдеспей-ақ, қандай адам екендігін болжауға болады. Бірі қияли, бірі нәзік жанды, бірі лирик болса, бірі қарапайымдылығымен баурап алады.
Негізі, сізді ешқашан сатып кетпейтін нағыз дос - кітап. Бұрын өлең шығаратын едім. Бірақ ..шабытым су сепкендей басылып қалды. Өткен жылы Жадыра Байбұланованың шығармашылығымен таныстым. Шыны керек, ұнаттым. Ең бастысы, жүректен жүрекке жете білді. Құлпштың эстафетасын аяқсыз қалдырмау үшін "Жыныма тимеші" өлеңін оқып берейін. Көптен бері оқығым келіп жүр еді. ^=^
P.S.: Эстафета тізгінің Әсел Асанова мен Абилбекова Инабатқа тапсырдым. Сіздерден үлкен үміт күтемін! Игі істі қолдайсыңдар деген ниеттемін^^