Жылы жұмсақ қар қолыма қонды да...

Жылы жұмсақ қар қолыма қонды да...
жеке
блог

Жылы жұмсақ қар қолыма қонды да,

Еріп кетті...

Жылыды ма, тоңды ма?
Қоштасты ма мына өмірмен қайғысыз,
Әлде менің қар көруім соңғы ма?!..

 

Аппақ қарлар – 
үкілі үміт, ақ арман!
Ақ бұлттардан үлбіреген жаралған
Ақтығыңмен ақ көйлегің үлбіреп,
Шығармысың көз сүйсінтіп тағы алдан.

 

Жанып сөну, сүйгенде не мағына?
Жас жиясың жүрегіңе, жаныңа...
Ақ қар болып ұшып келіп аспаннан, 
Жасқа айналып кетемісің жабыға.

 

Желтоқсаның, қаңтарың да, ақпаның,
Көзім сүйіп, мойыныма таққаным, 
Жер дегенің қара қайғы қап-қалың,
Қара жерге жауа гөрме, ақ қарым!

Жұлдыз Бейсекова.