Жылатпай жүр, жылатпай!
жеке
блог
блог
Сізді сүйіп ең ақырғы әліммен,
Шербет мұңнан сырбаз, сұлу сыр ұқтым.
Көптен бері жүрегіммен жаныммен,
Жанар жасың төгуді де ұмыттым.
Жұпар сезім лебіменен жүр сүйіп,
Бірақ та, ол жұбатамын демеді.
Білесіз бе?
Сәл қырсығып, бұртиып,
Анда- санда жылап тұрғым келеді!
Жараланған жүрегімнен кетпей сыз..
..Менің шерім- шырмаланған жәйт шексіз.
Иен далада құлап қалсам не істейсіз?
Жылап қалсам қайтпексіз?
Сіздің жақтан есіп тұрды қоңыр үн.
Сездіретін кесір, ылаң, құр күйді.
Тіпті менің өксік толған өмірім,
Сіз секілді жылатуды білмейді.
Сол бір күннен бастан өтті күй неше,
Тіпті жасым кетті мені ұнатпай.
Сізді ешкім мен секілді сүймесе,
Мені ешкім жылатпай жүр, жылатпай..
Ақгүл АЙДАРБЕКОВА