Жұрттың сөзі-далбаса!

Жұрттың сөзі-далбаса!
жеке
блог

Демеген сөзді дегізген,

Жемегеніңді жегізген.

Сыртыңнан сөйлер күніге

Өсегі бірдей теңізбен.

Жақсыңды жақсы демейтін,

Көре алмайтын, күндейтін.

Жамандап сырттан, көзіңше

Шарапат сөзге бөлейтін.

Барыңды санап, теретін,

Өтірік сөзге сенетін.

Жаңалық пенен өсектің

Жолында жанын беретін.

Тырнақтың кірін іздейтін,

Əдетін жаман үзбейтін.

Бұл жұрттың сөзі-далбаса

Басына пайда көздейтін.

Санаңды улап, алдайтын,

Білгіш адамдай сайрайтын.

Ібіліс кейпі жердегі

Біреуге қарсы қайрайтын.

Азғырып сені қоймайтын,

Жақсы жандарды қорлайтын.

Жын-шайтанменен дос болған

Ешқашан адам болмайтын.

Жалғанмен өмір сүретін,

Көргенді қарғап жүретін.

Бұл жұрттың сөзі-далбаса

Бетіңе қарап күлетін,

Даттауды ғана білетін!