Жүрегіңе еніп кеткен шығармын мүмкін мен...

Жүрегіңе еніп кеткен шығармын мүмкін мен...
жеке
блог

Көзіңдегі айға түн болды мендік қарашық
Айға қарадым қалмауым үшін адасып.


Кірпігіңдегі жапырақты тұрған ілініп,
Күз болдым көріп қурап қаларын ұмытып.

Қара орман шашың қаралығындай хас түннің,
Жұлдызды сенсіз жастыққа тамар жас қылдым.


Ақ қар боп келіп қара түніңе жауар ма ем,
Аспанға қарап жаным деп, берсең маған дем.


Жаңбыр боп тамып жаныңды сүйіп алар ма ем,
Сен сонда мені бақытыңа әппақ балар ма ең.


Жаныңа тұнған мейрімділікке құмартқам,
Қараған сайын, күн өткен сайын ұнатқам.

Дүние нұры ашылды сендік үлпілмен,
Жүрегіңе еніп кеткен шығармын мүмкін мен...

Жұлдыз Бейсек