Жүрегіме

О, жүрегім

Тулай бер,тула тағы, 

Бұл жүректің əлі де бар айтары.

Арпалысқан жасанды өмірменен,

Тек шындықты жүрегім ,сенен көрем.

Жасымағын,жүрегім,

жасымағын,

Мен өзіңсіз қалайша тасынамын.

Тулай бер,тоқтамағын,дамылдама,

Сенсің ғой өмірімнің мəні ғана.

Өзіңсің қысым-жазым,күзім-көктем,

Кеудемде үнсіз ғана дүрсіл еткен.



Бөлісу: