Жүрегімдегі кішкентай арман...
жеке
блог
блог
Жүрегімдегі кішкентай арман
Орындаларсың сен қашан?
Үміт үзбестен жүргенде күтіп,
Болып шықпасын бұл – жалған
Білмей-ақ қойсын ешкім де мұның
Соншалықты не екенін.
Армандай берем үнісіз-ақ жүріп,
Таңдамай уақыт мекенін.
Армандағаным бақыт мен үшін,
Үзілмейді еш үмітім.
Әрдайым соны дұғада болам,
Алладан сұрап күні-түн.
Білмей-ақ қойсын ешкім де мұның,
Соншалықты не екенін.
Орындалғанда көреді оның,
Үлкен бір бақыт екенін.