Жүрегім, оны сүймеші енді...

Жүрегім, оны сүймеші енді...
жеке
блог

Жүрегім, оны сүймеші енді,

Күресуге түк жоқ хәлім

Ол жаққан отқа күймеші енді,

Аялда бір сәт тоқтағын.

 

Сөзіне сеніп, мәз болып кетпе,

Кетеді ол тағы сұлуға

Келмейді-ау шамаң аз-ақ бір сәтке,

Көркіңе көңілін бұруға

 

Келмейді шамаң кетпеші деуге,

Елесі билер сенімен

Тереземе кеп өкпені ілем бе...

Өлеңді өрем де төгілем.

 

Кетеді ол құшып дала бөктерін,

Алау көктемін, сұлуды.

Көкірегімдегіні ала кетпедің,

Ішемін тағы бір уды...

 

Тосумен жолын  хаттарым қалар,

Көз жасым сіңген ақ парақ.

Түсімде бал-бақ шақтарым қалар,

Күз әнін шырқап шартарап.

 

Гүл сынар  көзін арманға қадап,

Айдың да шашын жат тарап.

Бақыттымын дер жалғанға қарап,

Жүзіңді өпкен ақ тамақ.

 

Жұлдыздар қонар көк кірпігіне

Жылтылы түсіп айнама.

Мендік хәл осы, түн, білер міне,

Аман болшы өзің қайда да...

Жұлдыз Бейсекова.