Жүрегім айта көрме, Сүюден жалықтым деп...
жеке
блог
блог
Сүйемін
Сырғуда сынаптай күн,
Көктемім гүл атпайды.
Өзіңді ұнатқалы
Өзгені ұнатпаймын.
Санамды тиярдай мұң
Әнімді жиі арнаймын.
Өзіңді сүйгеннен соң
Өзгені сүйе алмаймын.
Бірақ сен емес едің,
Түсінер жанымды айқын.
Сондықтан мен де сені
Боп алдым сағынбайтын.
Бөтенсің қазір маған
Жолықтың кеше неге?
Бір болу жазылмаған
Біздердің пешенеге.
Қолымнан келгенінше
Болушы ем саған әлек.
Осылай күнде жүрсем
"Ұнатып қала ма" - деп.
Сүйеді өмірді ағаш,
Бүршігін жарып гүлдеп.
Жүрегім айта көрме
Сүюден жалықтым деп...
© Н. Еркөбеков