Жолыңа сенің, жаным, алаңмын ба?...

Бір күн өтер жетектеп тағы күнін,
Жолыңа сенің, жаным, алаңмын ба?
Тұтқыны боп аңсау мен сағынудың,
Терезенің тұрамын мен алдында.

Сағаттар өтеді деп күн жымияр,
Тамшылармен оранар далам мұңға.
Өткен күнге мен емес сені қияр,
Терезенің тұрамын мен алдында.


Күн жылжып, түн пердесін түсіреді
Үнсіз ғана күтуге жаралдым ба?
Бір түсінсе жүрегің түсінеді,
"Сүйемін сені" деген ар алдында...

ЖұлдызБейсек.



Бөлісу: