Жол...
блог
Жол...
Жан құрбан – өнеріме берген Алла,
Алам десең міне тұр... Қандай шара?
Сонша жылдар шумақтап келген шимай,
Жүрегімнің айғайы ед, емес жала.
Жоқ бостандық, жүрегім сезбес оны.
Шабытқа тәуелділік – өмір жолым?
Бақытсыз боп сүруге болады өмірді
Алайда бақыттылық – болу оңды.....
Ақындарсыз, жырсыз да өтер күніміз
Қиялдап керегі керегі не? Әр жүріңіз...
Жалпақ мынау өмірді – сезіну ол,
Жеткізер жазушымен, біздер жүрміз
Керемет білгендерің тілді сансыз
Қазақ тілің актуалсыз, болса жансыз
Өз тіліңде ұялсаң – сөйле орысша,
Алайда ана тілді білмеу арсыз
Құдайсыз да сүруге болады өмірді,
Санасаң дінді аспанға, жер, көгіңді
Дінсіздер толы бірақ, - көргенім жоқ
Атеист боп қарсы алған сұм өлімді
Мақсатсыз да, армансыз бар адамдар,
Басқан ізі сенімді, нық қадамдар....
Талай елді көріп ем, жүр талапсыз,
Алайда босбелбеулер – ақымақтар.
Болмаса да ойым жарқын, жүрегім күн
Арпалыс өзді – өзіңмен, міне дермін!
Өмір жолым айта алмайм қандай болар
Алайда берілмеуге уәделеттім... © Фазыл Жандос