Жоқ шығар, әлемде мендей бір жауыз жан...

Арналған маған оқысам хаттарды,

Жанымды күрсінтіп, сырларды ақтарды.

Кім білген, әкемнен өзге жан

Жанардың мөлдірін мақтарды.

Санамды сан сауал жаулаған,

Бойымды бойлайды ыстық қан лаулаған.

Мен - керемет хаттардың иесі

Кіршіксіз сендегі көңілді лайлаған

Жоқ шығар, әлемде мендей бір жауыз жан...

Мендегі жүрек - мұз атты қамалдан!

 



Бөлісу: