Жоқ болса егер махаббат...

Елес беріп ескі үміт жаңғырып 

кездестірдім сені күнім беймәлім 

жүрегіме жабысты ма сан күдік 

тек өзіме дәл қазіргі күй мәлім. 

мәлім маған сезім деген сыйқырың 

өткенде алдап кетеп пе еді екеуді 

тұтам етіп соқырлардың тыйтығын

жабырқатпа сезім енді, жетеді!.. 

қанша гүлдің солар, сынар сабағы

жұмыр жерден жоғалса егер махаббат 

қанша ғұмыр мәңгілікке барады 

болмаса егер жан жылуы, шапағат?!



Бөлісу: