Жетімнің монологы

Лағынет айтар ең күндерге
Лағынет айтар ең түндерге
Өмірдің қадірін жетімше түсініп
Өмірді  бай емес ,жетімше сүргенде.
Ол үшін жарық күн,
Бастауы болса егер азаптың,
Ал түннің түнегі, дәл өзі тозақтың,

Қаршадай күнінен, басына қасірет орнаған

Бір ұлы еді ол, ер жүрек , қазақтың
Көрген жоқ сәби боп ананың жылуын,
Тәңірі осылай сызған соң сызығын.
Әр сәтті тек мұң мен өрілген
Жел тербеп, жел өкпе,  жетімнің тұлымын
Еш пенде түсінбес бар сыры ішінде
Қайғының шарабын қасықтап емес ол
Кеселеп күн сайын  ішіуде
Құшақтап бетінен иіскейді
аяулы анасы түсінде.
Сондықтан ол түнде ұйқтауға тым асық.
Арманы жатады түндер мен ұласып.
Бір сәтке кетпейді анасы қасынан
Түсінде жатады күлісіп жыласып,
Ұлы өмір ұлының үмітін ұрлады
Тек  мұң мен есінде, өткізген жылдары
Біреуі жетім боп, біреуі  жесір боп
Күн кешіп жатыр ау құдайдың құлдары



Бөлісу: