Жеткенде тынысыма көктегі леп!

Жеткенде тынысыма көктегі леп!
жеке
блог

Жеткенде тынысыма көктегі леп,

Саған деген сезімім кеткен үдеп.

Хабарсыз бір ай бойы кетіп жатсам,

Ойлама мені саған өкпелі деп.

 

Сене ғой, ғашықпын мен саған ғана,

Ыстық демің тең келмес самалға да.

Сүйе тұра жаныңда бола алмаған,

Өмірде шығармын мен жаман бала.

 

Арқа сүйеп отырмын құр өлеңге,

Сағынған соң қайтемін жыр өрем де.

Шөлдеп тұрған сезімді қандырмайды,

Сені жырлап тұрғанмен бұл өлең де.

 

Жасын төгіп дәптерге қаламым да,

Қар боратып жатыр ғой дала мында.

Көрпе оранып тып-тыныш жатырсың сен,

Жырымның аппақ қана парағында.